
Орталық сайлау комиссиясы VII шақырылым
да Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттарды тіркеді. Бүгін оларға куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді. Орталық сайлау комиссиясында жиын өтті, қаулы қабылданып, 107 депутатты тіркеді.
Оның ішінде: Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша – 76 адам; AQ JOL Қазақстан Демократиялық партиясы – 12; Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған – 9 адам.
Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
“AQ JOL, Nur Otan және Қазақстан Халық партиясы саяси партияларының тиісті құжаттары ОСК комиссиясына осы жылы 12 және 13 қаңтарда ұсынылды. Сондай-ақ, сайлау заңнамасының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша хаттамалар ұсынылды. Сайлау заңнамасына сәйкес ОСК әрбір депутатқа өзі белгілеген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні береді”.