Венесуэлада ресейлік “Спутник V” препаратымен вакцинациялау басталғанын жариялады. Алғашқы екпені Миранда штатындағы Лос-Текес қаласының дәрігері Гленди Риверо алды
Венесуэлада ресейлік “Спутник V” препаратымен коронавирусына қарсы вакцинация бейсенбі күні басталды. Бұл туралы президент Николас Мадуро хабарлады.
«Осы бейсенбі, 18 ақпан — тарихи күн, өйткені бүгін әлемдегі ең қауіпсіз «Спутник V» вакцинасымен елдегі барлық медицина қызметкерлеріне вакцина егу басталды», — деді ол YouTube-тағы Мадуро арнасында трансляцияланған сөйлеген сөзінде.
Венесуэла президентінің айтуынша, елде екпені алғашқылардың бірі болып Мирандадағы Лос-Текес қаласының дәрігері Гленди Риверо салдырды. Өткен жылдың желтоқсан айында Венесуэланың атқарушы вице-президенті Дельси Родригес ресейлік тараппен вакцина жеткізу туралы келісімге қол қойылғанын хабарлаған болатын. Оңтүстік Америка еліне “Спутника V” вакцинасының алғашқы партиясы 13 ақпанда жеткізілді.
Қазан айында Ресей тікелей инвестициялар қоры Каракасқа клиникалық сынақтардың үшінші кезеңін өткізу үшін “Спутника V” жеткізілетінін хабарлады, оған 2 мың ерікті, оның ішінде мемлекет басшысының ұлы Николас Мадуро Герра қатысты.