ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды бортқа жіберетін тасымалдаушыларды неге жазаламайды

Бортқа тиісті ПТР-анықтамасы жоқ жолаушыларды тасымалдайтын әуе компаниялар коронавирустық инфекцияның таралуына жол береді. Бұл ретте тасымалдаушылар мен әуежайлардың әкімшілігінің бұл тұралы хабардар болмауы мүмкін емес.

Құзыретті органдардың хабарлауынша, Нұр-Сұлтанға ПТР-анықтамасы жоқ 127 әуе жолаушы , Ақтөбеге 110 жолаушы келді.

16 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Нидерланд, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

1 472 әуе жолаушының ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамамен1 161 адам, анықтамасыз 311 азамат келді.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына жеті рейс, 648 жолаушы, 621 анықтамамен, 27 анықтамасыз;

Нұр-Сұлтан әуежайына — төрт рейс, 508 жолаушы, анықтамасы бар — 336, анықтамасыз- 172;

Ақтөбе әуежайына — бір рейс, 224 жолаушы, анықтамасы бар — 114, анықтамасы жоқ — 110;

Атырау әуежайына — бір рейс, 91 жолаушы, анықтамасы бар — 89, анықтамасы жоқ — 2;

Шымкент әуежайына — бір рейс, бір жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары Covid-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде.

«2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанға келген 147 жолаушылардан алынған ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Добавить комментарий