Жапония мен АҚШ гипердыбыстық қаруды атып түсіруге бағытталған жүйелерді құру мәселесінде ынтымақтас орнатуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Жапония қорғаныс министрі Ясукадзу Хамада Пентагон басшысы Ллойд Остинмен кездесуден кейін мәлімдеді.
«Қорғаныс қару-жарағы мен технологиялары саласындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, біз пікірталасты ілгерілетуге және ұшқышсыз ұшақтар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және гипердыбыстық технологияларға қарсы тұру үшін болашақ [жүйелерді] бірлесіп әзірлеу мүмкіндіктерін талқылауға келістік», — деді ол.