КСРО-ның экс-президенті 92 жасына қараған шағында қайтыс болды

КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін 92 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Бұл туралы Мәскеу қаласының Орталық клиникалық ауруханасы хабарлады.

«Бүгін кешке Михаил Сергеевич Горбачев ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Маусым айында «Горбачев-қорының» баспасөз хатшысы Владимир Поляков Михаил Горбачев бүйрек ауруымен ауыратынын және емдеу курсынан өтіп жатқанын, оның ішінде гемодиализге түскенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол КСРО-ның 91 жастағы бұрынғы президентінің денсаулығының нашарлауын жасымен байланыстырды.

Горбачев КСРО-ны 1985 жылдан бастап 1991 жылы ыдырағанға дейін басқарды.

Добавить комментарий