Вакцинаны сынау кезінде алты ерікті қаза тапты

Еуропалық ақпарат құралдары америкалық фармацевтикалық алпауыт Pfizer және неміс компаниясы BioNTech жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын сынауға қатысқан алты ерікті қаза тапқанын хабарлады. Бұл туралы АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы мәселелері басқармасының (FDA) есебінде айтылған.

Қайтыс болған еріктілердің төртуі плацебо, екеуі вакцинаның өзін салдырған. Вакцинацияланған топтағы науқастардың бірі семіздік пен атеросклерозға шалдыққан, ол препараттың алғашқы дозасын салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болған. Қаза тапқан екінші ерікті екінші дозасын салдырғаннан кейін 60 күн өткен соң жүрегі тоқтап қалған.

Плацебо қабылдағандардың ішінде екеуі инфаркт пен инсульттан қайтыс болды, тағы екеуінің қайтыс болу себебі анықталуда. Қайтыс болған алты адамның үшеуі 55 жастан асқан. Сынаққа 38 жастан асқан барлығы 16 мыңға жуық адам қатысқан.

Бұл ретте FDA Pfizer мен BioNTech вакцинасының тиімділігі 95 пайыз екендігін растады. Вакцинаның екінші дозасын қабылдағаннан кейін жеті күннен соң мұндай тиімділік деңгейіне жетуге болады.

Алайда, препаратты қабылдағаннан соң үш аптадан кейін қорғаныс деңгейі төмендей ме, жоқ па белгісіз. «Негізінен вакцина тиімді. Ол 55 жастан асқан адамдар үшін де, 55 жасқа дейінгі адамдар үшін де тиімді, афроамерикалықтар, латынамерикалықтар, ақтүстілер мен азиялықтар үшін де тиімді. Оның тұрақты әсері бар және ол қауіпсіз. Вакцинадан кейін қол ауырсынады, әлсіздік туындайды, бұлшықет ауырады», — деп мәлімдеді иммунолог Джон Грабенштейн.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасы осы бейсенбі күні вакцина қолдануды мақұлдау мүмкіндігін қарастырады. Егер рұқсат алынатын болса, американдық билік келесі күні жаппай вакцинация жүргізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий