13 қаңтар: СOVID-19 бойынша статистика

Қазақстанда 13 қаңтар таңертеңгі жағдай бойынша ауру жұқтырған қанша адам анықталғаны хабарланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 112 жаңа науқас анықталды.

Елімізде пандемия басталғалы бері барлығы 1 404 754 науқас тіркелді.

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 315 адам коронавирус инфекциясынан (–2 168+ және 147 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Добавить комментарий