Үндістан ғалымдары Covishield және Covaxin вакциналары әсер етпейтін коронавирус инфекциясының штаммдарын анықтады.
Делидегі Бүкілүнділік медицина ғылымдары институтының зерттеушілері коронавирустың мутацияланған үш штаммын тапты.
Аталып өткендей, дәрігерлер Үндістанда екпе салдырған 63 адамның ауруға шалдыққанын анықтады. Олардың 36-сы вакцинаның екі дозасын, ал 27-сі бір дозасын алды.
Науқастар британдық Covishield препаратымен және үндістандық Covaxin вакцинасымен вакциналанған. Оларда ілеспе ауру анықталмады.
Ғалымдардың хабарлауынша, вакцина салдырған пациенттер көп мутациясы бар үш штамнан тұратын B.1.617 вирусын жұқтырған. Осы штаммдар алғаш рет Үндістанның Махараштра штатында тіркелді. Агрессивті мутациялар елдегі пандемияның екінші ауыр толқынына себеп болған болуы мүмкін.