ҚР-да 8 млн адам COVID-19 қарсы толық вакциналаудан өтті

8 667 674 адам вакцинаның бірінші компонентін алды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы толық вакцинациядан өткен азаматтар саны 8 млн-нан асты

25 қарашадағы жағдай бойынша, Covid-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 667 674 адам, екінші компонентін 8 008 545 адам алды.

Алматыда вакцинаның бірінші дозасын 1 019 877 адам, екінші дозасын 974 182 адам алды. Бұл көрсеткіштер Нұр-Сұлтанда айтарлықтай төмен: 462 772 және 429 405. Алматыдан бөлек, Түркістан облысында бір миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды, ШҚО-да 905 074 адам екпе алды.

Екпе алғандардың ең азы Маңғыстау облысында (179 751 — бірінші компонент, 157 355 — екінші компонент).

22 қарашада Қазақстанда халықты ревакцинациялаудың бірінші кезеңі басталды — вакцинаның үшінші дозасын тәуекел тобындағы адамдар ала алады.

Добавить комментарий