Украина президенті Владимир Зеленскийдің Жарлығына сәйкес, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатылды.
Петр Врублевскийдің Қазақстандағы елші қызметінен босатылуы оның орыстар туралы агрессивті пікірімен байланысты.
Қазақстан СІМ елшіге мұндай мәлімдемелердің қолайсыздығы туралы айтты, бірақ оны елден шығаруды талап еткен жоқ. Кейінірек Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Врублёвскийдің Украинаның Қазақстандағы елшісі мәртебесінде қалып, іс-шараларға қатысып жатқанына наразылық білдірді. Украинаның СІМ-нен Астанадағы жаңа елшіні тағайындауға сұрау түсті.