Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

9 мая 11:52 / Опубликовано в Саясат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтады.

Елбасының құттықтауы ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында жарияланды.

«Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қастерлі күн халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады. Біз бүгін соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетеміз. Олардың майдандағы өжеттігі мен тылдағы еңбегі туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз», — деді ол.

ҚР Тұңғыш Президенті «ХХ ғасырдағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпау, ардагерлерге қамқорлық көрсету – баршамыздың қасиетті борышымыз екенін» атап өтті.

Батыр бабаларымыздың қаһармандығы қазіргі тыныш заманда да біздің бойымызға жігер береді. Ол ауызбірлік, патриоттық, қайсарлық және Отанға деген махаббат арқылы кез келген қиындықты жеңіп, бейбіт әрі бақуатты өмірге қол жеткізуге болады деген сенімімізді нығайта түседі.

Елбасы баршаға «мықты денсаулық, баянды бақыт пен жақсылық» тіледі.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: елбасы, Жеңіс күні, Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан, құттықтау

Читать ещё

Назарбаев Абу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Сенат БҰҰ Конвенциясын ратификациялау туралы шешім қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстан: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

    Ертең, сәрсенбі, 2022 жылғы 18 мамырда ел аумағ...
  • Ұлттық музей: Арыстанбек Мұхамедиұлының өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты

    Қазақстан Ұлттық музейінің директоры тірі және ...
  • Мамыр айында Германия Украинаға шамамен 2,5 мың гранатомет жіберді

    Германия билігі биыл мамыр айында Украинаға гер...
  • Украина Қорғаныс министрлігі «Азовстальдан» әскерилердің шығарылуына қатысты пікір білдірді

    Украинаның Қорғаныс министрлігі «Азовсталь» зау...
  • «Азовстальдағы» 256 украиналық әскери тұтқынға берілді

    Хабарланғандай, «Азовстальдағы» 256 украиналық ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: