Жексенбіге қараған түні Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалаға ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге ұшырылған екі ұшқышсыз басқарылатын ұшақты Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып түсірген.
Собянин аталған оқиғаға түсініктеме бере отырып: «Домодедово қалалық округіндегі РФ Қорғаныс министрлігінің ӘШҚ күштері Мәскеуге ұшып бара жатқан екі ұшқышсыз басқарылатын ұшақты атып түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қирандылар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында шұғыл қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр».
Оқиғаның егжей-тегжейі және оның мән-жайы анықталып жатыр.