Өтемақының басым бөлігі Вильнюс, Каунас және Клайпедаға төленді.
Украинадан бас сауғалап келген босқындарды өз үйлеріне және пәтерлеріне қабылдаған Литва тұрғындары 2022 жылы €9,5 млн көлемінде мемлекеттік өтемақы алды. Бұл туралы бейсенбі күні әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі хабарлады.
«Өтемақы ретінде төленген €9,5 млн теңгенің басым бөлігі Литваның үш ірі қаласына тиесілі. Вильнюсте — 2 231, Каунаста — 381, Клайпедте — 243 үй қожайыны өтемақы алды, — делінген хабарламада. — Вильнюсте — €1,9 млн, Каунаста — €1,2 млн, Клайпедте — €800 мың төленді».
Өтемақы босқындарға келгеннен кейін екінші айдан бастап, алайда алты айдан артық төленбейді. Айына бiр адам үшiн — €150, әрбiр кейiнгi адам үшiн — €50 төленеді. Ресми мәліметтер бойынша, Литва қазіргі уақытта 73,5 мыңға жуық украиналық босқындарды қабылдады.