Жозеп Боррель наурыз айының соңына қарай 11 мыңнан астам украин әскерилері даярлықтан өтетінін айтты.
Стокгольмде өткен қоғамдастыққа мүше елдердің қорғаныс министрлерінің бейресми отырысында Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО Әскери миссиясы наурыз айының соңына қарай 11 мыңнан астам украиналық әскери қызметшіні, ал жыл соңына қарай тағы 30 мыңды оқытаынын мәлімдеді.
Боррель сондай-ақ ЕО миссиясы НАТО желісі бойынша Украинаға жеткізілетін танктер үшін экипаждар дайындайтынын атап өтті.
ЕО-ның Украинаға арналған Әскери жаттығу миссиясын құру туралы шешім 2022 жылғы 17 қазанда қабылданды және ол 15 мың әскерилерді даярлауды қамтамасыз етуі тиіс.
Анықтама! Миссия өз жұмысын 2022 жылдың 15 қарашасында вице-адмирал Эрве Блежанның басшылығымен бастады.