Украинадағы соғысқа айына 6 млрд доллар жұмсалады

Украина 2022 жылдың ақпан айынан бастап соғыс қимылдарына айына алты миллиард доллар жұмсауда.

Бұл туралы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) басшысы Саманта Пауэр Дүниежүзілік банкте сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Соңғы есептеулер бойынша Украина үкіметінің қанды соғыста жұмсалатын орташа айлық шығындары айына шамамен бес-алты миллиард, — деді Пауэр.

Басылым аталған шығындарды «өте көп» екенін айтып, АҚШ үкіметі бөлген 7,5 млрд доллар Украинаның бюджетіне жеткіліксіз екенін айтады.

Мамыр айының соңында АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жалпы көлемі 40 млрд доллар болатын кезекті көмек пакетіне қол қойды. Жалпы көлемнің 20 млрд-ы Киевк еәскери жабдықтар мен техникалық қолдау түрінде, 9 млрд-ы экономикалық көмекке, 4 млрд-тан астамы гуманитарлық көмекке және тағы 4 млрд-ы АҚШ мемлекеттік департаментінің қорғанысқа қолдау ретінде жұмсалуы тиіс.

АҚШ-тың жаңа көмек пакетін бөлуіне байланысты Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко бюджетке 7,5 млрд доллар түсетінін айтты. Марченко Украина бюджетінің ай сайынғы тапшылығы 5 млрд долларды құрайтынын атап өтті.

 

Добавить комментарий