Иордания Үкіметі ханзаданың қатысы бар ықтимал қастандық туралы жарияланымдарға тыйым салатын жарлыққа қол қойды

Бас прокурор ханзада Хамза ибн Хусейннің мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деген кез келген ақпаратты (аудиовизуалды материалдар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, телевизиялық трансляциялар, радио хабарлар және т.б.) таратуға тыйым салынғаны туралы хабарлады.

Оның айтуынша, трансляцияға тыйым салу ханзада Хамза мен сол қылмыс бойынша айыпталған жиырма адамның ісіне қатысты тергеу амалдарының құпиялылығын сақтау үшін салынған.

«Ханзада Хамза мен басқаларына қатысты құпия қызметің тергеу жұмыстарын құпия ұстау үшін қазіргі кезеңде осы мәселеге байланысты барлық ақпаратты жариялауға тыйым салу туралы шешім қабылданды», — деп мәлімдеді Хасан әл-Абдаллат.

Трансляцияға тыйым салу өзге шешім қабылданғанша күшінде болады, ал оны бұзу заң бойынша қудаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Иордания астанасы Амманда 4 сәуірге қараған түні мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Корольдік отбасының мүшесі Шериф Хасан бин Зайд (Сауд Арабиясындағы корольдің бұрынғы елшісі) және бұрынғы қаржы министрі Бассам Авадалла (корольдің бұрынғы кеңесшісі), сондай-ақ бірнеше жоғары лауазымды офицерлер тұтқындалды.

Иордания патшасының бауыры Хамза ибн әл-Хусейн әскер қолбасшылық оған сыртқа шығып, басқа адамдармен тілдесуге тыйым салғанын мәлімдеді. Кейін ол бұл бұйрыққа мойынсұнбайтынын хабарлады, бірақ БАҚ өзінің бауыры — Иордания королін қолдайтын білдіріп хат жазғанын хабарлады.

Добавить комментарий