Украина президенті Владимир Зеленский ел аумағындағы соғыс жағдайын ұзарту қажеттігін мәлімдеді.
Депутат Ярослав Железняк хабарлағандай, соғыс жағдайы мен мобилизация 90 күнге ұзартылуы мүмкін.
Зеленский Жоғарғы Радаға тиісті заң жобасын енгізді, деп хабарлады Украина парламентінің баспасөз қызметі.
Рада депутаты Ярослав Железняк Telegram-арнасында хабарлағандай, соғыс жағдайы мен мобилизация 90 күнге ұзартылуы мүмкін.
Украинада 24 ақпанда соғыс жағдайы енгізілді. Ертесінде Мемлекеттік шекара қызметі Украинаның 18-60 жас аралығындағы ер азаматтарына соғыс жағдайы яқталғанша елден кетуге тыйым салынғанын хабарлады. Тамызда Жоғарғы Рада соғыс жағдайы мен жалпыға бірдей мобилизацияны кезекті рет 90 тәулікке 21 қарашаға дейін ұзартты.