Украинада Ресей мен Беларусь кәсіпорындарына тиесілі мүлік тұтқындады

Украина билігі Ресей мен Беларусь кәсіпорындарына тиесілі мүлікті тәркілегенін мәлімдеді.

Тұтқындалған мүліктің жалпы құны 360 миллион гривенді құрайды

Украинада Ресей мен Беларусь кәсіпорындарының 360 миллион гривна болатын мүлкі тұтқындалды

Украина Бас прокурорының кеңсесі ресейлік және белорустық кәсіпорындардың мүлкін тұтқындау туралы шешім шығарды.

Украинада құны 360 миллион гривнадан асатын Ресей мен Беларусь кәсіпорындарының мүлкі тұтқындалды. Бұл туралы Бас прокурор кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында Украина аумағында Ресей және Беларусь кәсіпорындарына тиесілі теміржол контейнерлері, сондай-ақ минералды тыңайтқыштар тиелген 300 теміржол вагоны бар екендігі анықталды», — делінген хабарламада.

Ведомство вагондар Украинаның кеден заңнамасын бұза отырып әкелініп, пайдаланылғанын мәлімдеді.

Бас прокурордың кеңсесі Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының кәсіпорындарына тиесілі құны 10 миллион гривнадан асатын 315 теміржол контейнерін және 350 миллион гривнадан асатын тауарлық-материалдық құндылықтарды тұтқындау туралы шешім шығарды.

Тұтұындалған мүліктің болжамды құны 360 миллион гривенді құрайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі мүлікті заттай дәлел ретінде сақтау және оларды тәркілеу үшін Бас прокурордың кеңсесі оны тұтқындағанын хабарлады. Шешім Киевтің Шевченко аудандық сотының тергеу судьяларының негізінде шығарылды.

ЭҚБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аса ірі мөлшерде салық төлеуден қасақана жалтару фактісі бойынша жүзеге асырады.

Добавить комментарий