РФ-ға қарсы санкциялардың жаңа пакеті мақұлданды

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдағанын мәлімдеді. Әңгіме жетінші пакет туралы болып отыр.

Еуропалық одақ елдері Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакетін мақұлдады, оған сәйкес ресейлік алтынды импорттауға тыйым салынады.

Бұл туралы Twitter-де Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен хабарлады, деп жазады «Европская правда».

«Одаққа мүше мемлекеттер ЕО-ның Кремльге қарсы күшейтілген және кеңейтілген санкцияларын мақұлдады. Мен мұны құптаймын. Бұл Мәскеуге күшті белгі болады: біз қысым көрсетуді жалғастыра береміз», — делінген хабарламада.

15 шілде күні Еурокомиссия РФ-ға қарсы санкциялардың жетінші пакеті туралы бірлескен ұсынысты мақұлдады, жаңа шектеу шаралары ресейлік алтынды әкелуге ішінара тыйым салуды және екі жақты пайдалану мен озық технологиялардың экспортына ауқымды бақылау жасауды көздейді.

Еуропалық Одақ санкциялық тізімге Ресейдің бірінші вице-премьер-министрі Андрей Белоусовты, Мәскеу мэрі Сергей Собянинді және ресейлік екі актерді қосуды, сондай-ақ Ресейдің ең ірі банкі — «Сбербанкке» қарсы қосымша санкциялар салуды жоспарлап отыр.

ЕО Ресейге қарсы алты санкция пакетін қабылдады, бұған Украинаға баса-көктеп кіріп, халықаралық құқықты саналы түрде бұзғаны себеп болды.

Добавить комментарий