Украиналық энергетиктер елдегі жылумен жабдықтау нысандарының жартысына жуығы қалпына келтірілгенін айтты.
316 жылумен жабдықтау нысаны қалпына келтірілді, бұл бүлінген нысандардың жалпы санының 53,3%-ы. Бұл туралы 28 қараша, дүйсенбі күні «Нафтогаз Украина» ҰАК басқарма төрағасы Алексей Чернышов мәлімдеді.
«Қазір Харьков және Херсон облыстарының аумақтарында жылу өндіретін кәсіпорындардың жұмысын жолға қоюға бар күш-жігер салынып жатыр, онда коммуникацияға қол жеткізу қиын жағдайда», — деп хабарлады «Нафтогаздың» баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 28 қарашада Украинаның бірқатар өңірлеріндегі энергетика саласындағы ахуал апатты жағдайда екені белгілі болды. Энергетикадағы жағдай украиндықтар арасында наразылық отын тұтандыруы мүмкін. Сонымен қатар, энергия объектілерін жөндеу үшін білікті қызметкерлер мен құрамдас бөліктер жетіспеушілігі байқалады.
Ресей әскерлері 10 қазанда Украинаның әскери басқару, энергетика және байланыс нысандарына шабуыл жасай бастады. Ресей президенті Владимир Путин түсіндіріп өткендей, бұл Киев режимінің, атап айтқанда, Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттеріне қарымта жауап болды.