Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ақтөбе, Қостанай және еліміздің сегіз облысында бүгін, жұма, 2023 жылғы 14 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Ақтөбеде күндіз қатты жауын-шашын (кешке қарай қар мен жаңбыр жауады), көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүсік бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Оралда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Ккүннің соңында Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Добавить комментарий