Украина Cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба елдің әскери көмек алып қана қоймай, қару өндірісін де арттыратынын хабарлады.
«Ресей Украинаға әскери көмек «тоқтатылады» деп ойлайтын болса, қателескені», — деп жазды Кулеба әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол сондай-ақ қару елге әкелініп қана қоймай, елде өндірілетінін, оның үстіне шығарылатын қару-жарақтың көлемі ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
«Біз ішкі өндірісті және НАТО мен одан басқа серіктестермен бірлескен өндірісті арттырамыз», — деп хабарлады Кулеба.