2020 жылғы қарашада екі ел президенттерінің қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Бұған дейін Көкшетауда екі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін жыл сайынғы форум 2020 жылғы қарашаның екінші онкүндігінде өтеді деп болжанған болатын, — деп жазды ол Instagram-да.
Форум экология және «жасыл» технологияларды дамыту, туристік саладағы байланыстарды нығайту, инвестициялық ахуал, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және цифрландыру мәселелеріне арналады. Форум аясында Ресей мен Қазақстан көшбасшыларының ІІ жастар форумын, сондай-ақ «Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында көрме өткізу жоспарлануда.