Украинаның барлау қызметі Ресейде жасырын түрде мобилизация жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді.
«Ресей билігі күн санап құрбан болған сарбаздардың саны өсіп жатқанына қарамастан кез келген жолмен әскери мақсатына қол жеткізу керек деп отырған сыңайлы. Қазіргі таңда Путин жаппай мобилизация жариялауға батылы бармауда, себебі мұндай шешім биліктен кетуге алып келуі мүмкін деп қорқады», — деп мәлімдеді киевтік саясаттанушылар әскерилерден алынған мәліметтерге сүйене отырып.
Олардың пікірінше, «ресейлік пропаганда бүкіл ұжымдық Батыс Ресейге қарсы болды деп мәлімдеп жатқанына қарамастан, жаппай мобилизация жүргізу мүмкін емес».
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер Украинаға қаржылай, қару-жарақ, оның ішінде ауыр қару-жарақ жіберу арқылы көмектесуде.
«АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберуде көш бастап тұр. Еуропада бірде-бір одақтасы жоқ Ресей армиясы Украина әскерін қолдап отырған ондаған мемлекеттің әскери-өнеркәсіптік әлеуетіне қарсы тұра алмайды», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.
АҚШ президенті Джо Байден Украина үшін ленд-лизе туралы заңға қол қойғаны белгілі. «2022 жылғы Украинадағы демократияны қорғауға арналған ленд-лизе туралы заң» екі партияның да заң шығарушылары конгрестің жоғарғы палатасына ағымдағы жылдың қаңтар айында енгізді.
Алтыншы сәуірде оны Сенат қарап, 28 сәуірде палата қабылдады.
Аталған заң Украинаға қаруды несиеге немесе лизингке бюрократиялық рәсімдерден тыс жылдам жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ анағұрлым ауыр қару-жарақты жеткізуге мүмкіндік береді.
«Мұндай тенденция жалғасады, себебі бұл соғыста Мәскеу тоқтап қалмайды, бұл РФ Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің мәлімдемесінен кейін түсінікті болады», — дейді украиналық саясаттанушылар Медведевтің Telegram-арнасындағы жазбасына сілтеме жасап, онда ол «елімізге G7-нің [Украинаның] жаңа шекарасын мойындамағанына түкіргені бар, бізге сол жерде тұратын адамдардың шынайы ерік-жігері маңызды. Косово прецедентін ұмытпаңыздар» деген.
«Мұндай мәлімдеме бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкіндігін азайтады. Қақтығыс ұзаққа созылған сайын оның салдары ресейлік азаматтарға күшейе береді», — деп жазады украиналық БАҚ.