Украина РФ елшісін нон грата тұлғасы деп жариялады

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Одессадағы дипломатиялық өкілдігінің консулын нон грата тұлғасы деп жариялады. Бұл украиналық дипломаттың Мәскеуден шығарылуына байланысты қарымта шара деп аталды.

Ресейлік дипломат 30 сәуірге дейін ел аумағынан кетуі керек. Бұл туралы бүгін, 2021 жылғы 27 сәуірде Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Украина СІМ жауап ретінде Ресей Федерациясының Одессадағы Бас консулдығының елшісін Украина аумағында қалаусыз адам деп жариялайды. Ол 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін Украина аумағынан кетуі керек», — делінген хабарламада.

Украина СІМ ресейлік дипломатиялық ведомствоның Украинаның Мәскеудегі елшілігінің қызметкерін нон грата тұлғасы деп жариялау туралы шешіміне байланысты «наразылық білдірді». Ведомство сондай-ақ, «украиналық дипломат дипломатиялық мәртебемен сәйкес келмейтін қызметпен айналысқан деген айыптарды толығымен жоққа шығарады», — деп толықтырды.

Дүйсенбі, 26 сәуір күні РФ СІМ «19 сәуірде Киевтегі Ресей Федерацияс елшілігінің қызметкерін нон грата тұлғасы деп жариялаған Украина тарапының достыққа жатпайтын әрекетіне байланысты және дипломатиялық мәртебеге сәйкес келмейтін қызмет үшін өзара түсіністік қағидаты негізінде Украинаның Ресейдегі елшілігінің қызметкері нон грата тұлғасы болып жарияланды» деп хабарлады. Оған РФ аумағынан 30 сәуірге дейін кету ұсынылды. Министрлік егер Киев ресейлік дипломаттарға қатысты өзінің достыққа жатпайтын әрекетін жалғастыратын болса, украиналық өкілдіктердің қызметкерлеріне қатысты қосымша шаралар қабылданатынын айтты.

Добавить комментарий