Еуропа: Газ бағасы тарихи максимумнан асып түсті

Еуропада газ бағасы тағы өсіп, тарихи максимумнан асып түсті,.

Еуропада газ фьючерстерінің құны бір мың текше метрге 2199 долларға (1 076 337 теңге) жетіп, тарихи максимумды орнатты.

Мұны Лондон ICE Futures биржасының мәліметтерінен көрсе болады.

Сәуір фьючерстері ашылғанда 1500 доллар деңгейінде саудаланып, содан кейін аздап төмендегенімен, көп ұзамай қайта өсті, Мәскеу уақытымен 11:58-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:58) 2226 долларға жетті. Бұл кешегіге қарағанда (1396,5 доллар) 59,4%-ға жоғары.

Соңғы күндері Еуропада газ бағасы қатты құбылып тұр. Сарапшылардың айтуынша, ол РФ президенті Владимир Путин 21 ақпанда өзін тәуелсіз ел ретінде жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін және 24 ақпанда Ресей Украинаны демилитаризациялау үшін арнайы операцияны бастағаннан кейін күрт өсті.

Ақпан айының басында және ортасында фьючерстер мың текше метр үшін 800-1030 доллар аралығында саудаланса, айдың соңында 1650 долларға дейін күрт қымбаттады. Сарапшылар Еуропадағы газ бағасы бұдан да жоғарылауы мүмкін екенін болжап отыр, — делінген ақпаратта.

Добавить комментарий