Украинада президенттің баспасөз хатшысы Юлия Мендель үшінші рет отставкаға кету туралы өтініш берді. Ол жұмыс жағдайына наразы. Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлады.
Сондай-ақ, президенттің баспасөз хатшысының жұмысын кеңсес басшысы Андрей Ермак теріс бағалайды, ол «баспасөз хатшысын ауыстыру керек дегенді құптап отыр».
Басылымның айтуынша, президент Мендельге жақсы көзқараспен қарайды. Бірақ, басылымның мәліметінше, бұл жолы оның орнына басқа адамды тағайындайын деп жатыр. «Бірақ, не дегенмен, түпкілікті шешімді Зеленский қабылдайды», — делінген украиналық баспаларда инсайдерлік ақпаратқа сілтеме жасап.