Израиль полициясымен қақтығыстан 300-ден астам палестиналық зардап шекті

Шығыс Иерусалимдегі Израиль полициясымен қақтығыс кезінде кем дегенде 305 палестиналық зардап шеккені хабарланды.

Палестина Қызыл Жарты ай қоғамының ресми мәлімдемесінде зардап шеккен дәрігерлер туралы да айтылды.

Өз кезегінде, Израиль полициясы қақтығыстың нәтижесінде тоғыз қызметкері зардап шегіп, олардың біреуі ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін WAFA агенттігі 10 мамыр күні түнде әл-Ақса мешітінің аумағына көптеген полицейлер баса көктеп кіргенін хабарлаған болатын. Әскерилер резеңке оқ, жарық-шу гранаталарын және көзден жас ағызатын газ пайдаланды. Палестина Қызыл Жарты Ай Қоғамының мәліметінше, полиция мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы кезінде мешітке етіп ғибадат етуге келгендерге шабуылдады.

Әл-Ақса мешіті — ескі Иерусалимде орналасқан, Исламның ең қастерлі қасиетті орындардың бірі. Мұнда сондай-ақ яһудилер үшін қасиетті — Храм тауы орналасқан.

Добавить комментарий