CNN басылымының мәліметтеріне сүйенсек, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ парламентінде сөз сөйлеу үшін Вашингтонға ұшып шықты.
«Украина президенті елден ұшып шықты, екі дереккөз оның [Вашингтонға] бара жатқанын айтты», — деді телеарна жүргізушісі.
Сейсенбі күні Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасап, Зеленский сәрсенбі, 21 желтоқсанда Вашингтонға аттанатынын және АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы мен Сенатының бірлескен отырысында сөз сөйлейтінін хабарлады.
АТалып өткендей, ол Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери көмек көрсеткені үшін заң шығарушыларға алғысын айтып, Киевке берілетін қаржы көлемін ұлғайтуды сұрайды деп күтілуде.
Порталдың хабарлауынша, бұл Зеленскийдің Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы бері АҚШ-қа алғашқы сапары болмақ.
Сонымен қатар, CNN арнасының хабарлауынша, Украина президенті АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Киевке көмек көрсету мәселесін талқылайды.