Украина президенті Владимир Зеленский өз жарлығымен Қырымды деоккупациялау мәселелері жөніндегі кеңес құрды. Оның құрамына үкімет мүшелері, күш құрылымдарының басшылары және мемлекеттің жоғары басшылығы кіреді деп хабарланады.
«Қырым АР мен Севастополь қаласын деоккупациялау және қайта интеграциялау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру туралы» № 579 Жарлық. Тиісті шешім Президент кеңсесінің сайтында жарияланды.
Президент жанындағы Консультативтік кеңес:
- украиндықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Украина мен ел азаматтарына келтірілген зардаптарды еңсеру және залалды өтеу;
- Қырым платформасының қызметі және Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселелері туралы ұсыныстар енгізу.
- Жарлыққа сәйкес, Кеңестің дербес құрамы бойынша ұсыныстарды Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бір ай ішінде енгізуі тиіс.
Консультативтік кеңестің негізгі міндеті:
- Кеңес қызметінің басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау;
- Қырым платформасы шеңберіндегі қызмет;
- Қырымды деоккупациялауға және қайта интеграциялауға қатысты мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.
Консультативтік кеңестің басшысы Украина президенті болады.
Президенттің Қырым АР-дағы тұрақты өкілі Кеңестің хатшысы болады. Қазіргі таңда бұл қызметті Тамила Ташева атқарып отыр.
Сонымен қатар, Кеңестің құрамына сондай-ақ ПК басшысы, ҰҚҚК хатшысы, УҚҚ басшысы, бас прокурор, министрлер, ПК басшысының орынбасарлары, Қырым-татар халқы Мәжілісінің төрағасы және басқалары кіреді.
Кеңес құру туралы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді — 15 тамыз.