Украина билігі Еуропаға өз газ қоймаларын ұсынып, көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Атап айтқанда, Украинаның Энергетика министрі Герман Галущенко Еуропа елдеріне газды Украинаның жерасты қоймаларында сақтауды ұсынды. Бұл туралы ведомство басшысы 2022 жылғы 27 маусымда әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында айтты.
«Еуропаның газ қоймалары 2022 жылдың 1 қарашасына дейін 80%-ға толтырылуы тиіс. Бұл ережені бұрын Еуропалық парламент, енді Еуропалық кеңес бекіткен.
Бұл шешімді құптаймын, себебі бұл Еуропаның Ресей тарапынан тек Украинаға ғана емес, бүкіл еуропалық құрлыққа қарсы бағытталған энергетикалық агрессия жағдайында алдағы қыс маусымының қауіп-қатерлері мен тәуекелдерін нақты бағалайтынын көрсетеді», — деп жазады Глущенко.
Украинаның энергетика министрі еуропалық елдердің барлығында халықты және өнеркәсіпті энергия ресурстарымен қамтамасыз ету үшін өз табиғи газ қоймалары (ТГҚ) жоқ екенін атап өтті.
Сондықтан аталған шешім Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттердің Энергетикалық қоғамдастықтың келісуші тараптармен газды сақтау туралы келісімшарт жасасуын көздейді.
«Украина 2022 жылы «Energy Community» төрағасы ретінде жауапкершілікті өз мойнына алып, осы жылыту маусымында тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Еуропаның сенімді серіктесі болуға дайын.