Павлодар облысы әкімінің 29 қаңтардағы өкімімен жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсету үшін қызметтік автокөліктер санының лимиттері қайта бекітілді.
Атап айтқанда, облыс әкімі аппаратына арналған автокөліктер саны 17-ден 11-ге дейін төмендеді, шамамен 60 млн теңге үнемделді. Осылайша, Павлодар облысы әкімі аппаратының 138 млн теңге көлеміндегі көліктік қызмет көрсету шығындары туралы ақпарат өзекті емес және шындыққа жанаспайды.
Ведомствода еске сала кеткендей, 2021 жылы «Павлодар облысының автошаруашылығы» ЖШС-ін бәсекелестік ортаға беру мақсатында ол 2021-2025 жылдарға арналған Республикалық кешенді жекешелендіру жоспарына енгізілген. Кәсіпорынды іске асыру рәсімдері 2022 жылға Мемлекеттік мүлік тізілімі порталы арқылы жоспарланған.