Украина ЕО-ға қосылу үшін міндетті шарттардың 90%-ын орындағанын мәлімдеді

Грекия СІМ-нің Украина мәселелері жөніндегі уәкілі Спиридон Ламбридиспен кездесуде Президент кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква Украина Еуроодаққа қосылу туралы келіссөздердің маңызды кезеңіне жақындағанын айтып, Еуропалық комиссия шарртарының 90% -ын орындағанын мәлімдеді.

Жовква Грекия мен Еуроодақтың басқа да елдері Украинаны қолдайтынын және еуропалық бірлікті көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Ол ЕО шешімі әділ болатынына және елдің іс жүзінде қол жеткізген табыстарына негізделетініне сенім білдірді.

Украина Еурокомиссияның іс-қимыл жоспарының сүйемелдеуімен 2022 жылы Еуроодаққа қосылуға кандидат ел мәртебесін алды. Бұл жоспар одаққа қосылу жөніндегі келіссөздерді бастау үшін қажетті қадамдарды ұсынды және Украина оларды іске асыруға белсенді кірісті.

 

Добавить комментарий