Зеленский РФ жаңа шабуылдарды жоспарлап отырғанын мәлімдеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-43555-1669754518-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина президенті Владимир Зеленский алдағы аптада жаңа зымыран шабуылдары жасалуы мүмкін екенін айтты.

Атап айтқанда, Владимир Зеленский жексенбі күні Ресей Украинаға жаңа зымыран шабуылдарын жасайтынын мәлімдеп, Қорғаныс күштері мен ел азаматтары осы соққылардың салдарына қарсы тұру үшін ортақ күш-жігер салуға дайын болу керек екенін ескертті.

«Біз террористердің жаңа шабуылдарды жоспарлап отырғанын түсінеміз. Біз мұны нақты білеміз, — деді Зеленский кешкі бейнеүндеуінде. — Олардың зымырандары бітпейінше, өкінішке қарай, олар тынышталмайды».

Украина президентінің айтуынша, алдағы апта өткен апта сияқты ауыр өтуі мүмкін, украиндықтар Ресейдің ел инфрақұрылымына жасаған шабуылдары салдарынан бүкіл ел бойынша электр энергиясын кең көлемде өшірумен бетпе-бет келген.

«Біздің Қарулы күштеріміз дайындалып жатыр. Бүкіл ел дайындалуда, — деді Зеленский. — Біз барлық сценарийлерді серіктестерімізбен бірге пысықтадық».

 

Добавить комментарий