Украина ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді бастауға ниетті екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропарламент басшысына Киевтің ЕО-ға кіру мәселесі бойынша келіссөздерді бастауға ниет білдіргенін айтты

Бұл туралы сенбі күні Еуропарламент басшысы Роберта Метсоламен өткен кездесуде айтылды. Украина мемлекет басшысы Киевтің ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді биыл бастағысы келетінін мәлімдеді.

«Владимир Зеленский Украина Еуропалық комиссияның ұсыныстарын орындауды тезірек аяқтауға және осы жылы ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді бастауға барын салып жатқанын атап өтті», — делінген Мемлекет басшысының сайтында оның Метсоламен кездесуінің қорытындысы бойынша Украина президентінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.

Зеленский сондай-ақ Еуропарламент басшысын РФ-ға санкциялық қысымды күшейтуге шақырды.

Метсола Украинаға жұма күні кешкісін келген.

Украина 2022 жылдың 28 ақпанында ЕО-ға кіруге өтінім берді. 23 маусымда Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары Украина мен Молдавияға одаққа кіруге үміткер мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Украинаның ЕО-ға кіруі туралы келіссөздердің басталу мерзімі әлі анықталған жоқ. Бұған дейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль ел билігі келіссөздер басталғаннан кейін екі жылдан аз уақыт өткен соң ЕО-ға кіруге үмітті екенін айтқан болатын. Сонымен қатар Зеленский кейбір әлемдік көшбасшылар Украинаны 10 жылдан кейін ғана ЕО құрамында көретінін мойындады.

Добавить комментарий