БҰҰ Бас хатшысы Украина аумағында қақтығыстың өршуіне жол бермеу керектігін мәлімдеді.
Антониу Гутерриш Польшадағы жарылыстан кейін Украинада қақтығыстың өршуіне жол бермеу қажеттігін айтты. Бұл туралы бас хатшының өкілі Стефан Дюжарриктің сейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.
«БҰҰ Бас хатшысы Польша аумағында зымыран жарылысы туралы хабарға қатты алаңдаушылық білдірді. Украинадағы соғыстың өршуіне жол бермеу керек. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол тергеу амалдары мұқият жүргізілетініе үмітті», — деді Дюжаррик