ҚР Парламенті Сенатына сайланған депутаттар: сайлау қорытындысы

Қазақстан парламенті сенаты сайлауының қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы кімдер сенатор болып сайланғанын хабарлады.

«Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау Қазақстан Республикасының 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті», — деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

3167 сайлаушының 2901-і немесе жалпы сайлаушылардың 91,6 пайызы дауыс беруге қатысты. Сайланған 20 депутаттың ішінде: 3 әйел, 17 ер адам. Орташа жасы — 53,8 жас.

Дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:

Дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:

Абай облысынан — Қайрат Құлбайұлы Тастекеев, 1967 жылы туған, Құрылыс колледжінің директоры, Семей қаласы;

Ақмола облысынан –Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов, 1963 жылы туған, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, Көкшетау қ.;

Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхуллұлы Нугманов, 1967 жылы туған, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе қ.;

Алматы облысынан – Жанболат Ақебайұлы Жөргенбаев, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысы Қаскелең қаласы;

Атырау облысынан – Әлібек Ибатуллиұлы Наутиев, 1963 жылы туған, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, Атырау қаласы;

Шығыс Қазақстан облысынан – Шакарым Сабырұлы Буктугутов, 1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласы;

Жамбыл облысынан — Сәкен Қаланұлы Арубаев, 1976 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі;

Жетісу облысынан — Амангелді Ғабділкәрімұлы Толамисов, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Талдықорған қаласы;

Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, 1964 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Орал қаласы;

Қарағанды облысынан — Серік Балғатайұлы Өтешов, 1963 жылы туған, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Қарағанды қ.;

Қостанай облысынан — Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қ.;

Қызылорда облысынан — Руслан Рүстемов, 1968 жылы туған, Қызылорда облысы мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы;

Маңғыстау облысынан — Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров, 1971 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қаласы;

Павлодар облысынан — Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов, 1965 жылы туған, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, Павлодар қ.;

Солтүстік Қазақстан облысынан — Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі орта білім Комитетінің төрағасы, Петропавл қ.;

Түркістан облысынан — Мұрат Болатұлы Қадырбек, 1980 жылы туған, Түркістан облысы Жетісай қ. Жетісай ауданының әкімі;

Ұлытау облысынан — Советбек Тұрсынұлы Медебаев,1965 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ұлытау облысы Ұлытау ауылы;

Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы;

Алматы қаласынан — Жанна Бейсентайқызы Асанова, 1975 жылы туған, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы;

Шымкент қаласынан — Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, 1964 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қаласы.

Добавить комментарий