Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба биыл елге қолдау ретінде ресейлік активтер берілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 2 қаңтарда «Єдині новини» телемарафонда берген сұхбатында Кулеба Құрама Штаттар мен Еуропалық Одақта нақты жұмыстар атқарылып жатқанын, ал Бельгия Ресей активтерінен түскен кірістерінің салық сомасын Украинаның мұқтаждықтарына жібергенін атап өтті.
«Қазірдің өзінде Құрама Штаттар мен Еуропалық одақта нақты жұмыстар атқарылып жатыр, мысал ретінде Бельгияны келтірсек болады, олар Ресей активтерінің кірістерінен түсетін салықты Украинаның мұқтаждықтарына жіберді. Кейбір елдерде ақша беру механизмін көздейтін заңнамалық актілер бар», — деп атап өтті Кулеба.
Министр атап өткендей, қазір барлық күш-жігерді бірыңғай құқықтық шеңберге келтіру қажет, қазір G7 және ЕО деңгейінде нақты нормаларды мақұлдау талқыланып жатыр. «Ресейлік активтерді беру үшін осы құқықтық реттеуді құруға аз қалды», — деп Кулеба, бұл бастамадағы сәтті прогресті атап өтті.