Сирия Түркияны кепілгер ел ретіндегі міндеттемелерін құрметтемеді деп айыптады

Сирия Түркияның әрекетін сынап, оны кепілгер ел ретіндегі міндеттерін құрметтемеді деп айыптады.

Анкараның іс-әрекеті аймақтағы жағдайдың ушығуына алып келеді, деп есептейді Дамаск.

Сирия сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Сусан Астана форматындағы Сирия бойынша 19-шы халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Анкараның Сирияның солтүстігіндегі әрекеттерін басып тұрған бассыздық деп мәлімдеді.

«Астана форматының проблемасы түрік тарапының өз міндеттемелерін құрметтемеуінде. Бұл Астана форматының барлық қатысушылары, соның ішінде кепілгер елдер айтып отырған мәселе. Олар түрік тарапына мұндай әрекеттердің орынсыз екенін және Сириядағы және жалпы аймақтағы жағдайдың ушығуына алып келетінін айтып отыр», — деді ол Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әуе операциясына түсініктеме бере отырып.

Сусанның айтуынша, Дамаск халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз аумағын қорғау үшін «қолдан келгеннің бәрін жасайды».

«Қауіпсіздік саласында жағдайды шешудің бейбіт жолдары бар. Біреу өз жоспарлары мен жобаларына іске асыру үшін кез келген нәрсені желеу етсе, бұл тек сәтсіздікке және эскалацияға алып келеді. Бұл өңірде ешкімге пайдасы жоқ деп ойлаймын», — деді дипломат.

 

Добавить комментарий