Халықаралық аренада Украинаға жеткізіледі деп келісілген F-16 ұшақтарымен қатар, «ондаған» бірлік F-18 жойғыш ұшағын жіберу қызу талқыланып жатыр.
Түрлі ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, украиналық делегация өткен аптада Сингапурда өткен Шангри-Ла диалогының жабық отырысы кезінде F-18 алу мүмкіндігі туралы мәселе көтерген.
Украина жақында экспортқа қолжетімді болатын «ондаған бірлік ескі, бірақ бүлінбеген және жарамды F-18 ұшағын» алуға ниет білдірген.
Аустралия, Канада, Швейцария және Финляндия секілді кейбір елдер қазіргі уақытта F-18 ұшағынан F-35 ұшақтарына ауысып жатқанын атап өткен жөн.
Алайда, Politico басылымының мәліметі бойынша, бұл жоспарды жүзеге асыру перспективасы жақын арада орын алмайды. Дегенмен, қару-жарақ жеткізу туралы талқылаулардың соңы көбінесе олардың іс жүзінде жүзеге асырылуына алып келеді.
F/A-18 — 1970 жылдары жасалған америкалық палубалық жойғыш-бомбалаушы ұшақ. Қазіргі уақытта ол АҚШ Әскери-теңіз күштерінің негізгі жауынгерлік ұшағы болып табылады және бірнеше Еуропа және Азия елдердінде бар. Ұшақ F-18 деп аталады, бірақ ресми атауы 1982 жылы өзгертілген.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға F-16 ұшағын беруге қатысты «жойғыштар коалициясына» кіретін бірнеше мемлекеттен нақты ұсыныстар түскенін мәлімдеген болатын.
Қазіргі таңда «жойғыш ұшақтар коалициясына» сегіз Еуропа елі кіреді, атап айтқанда Ұлыбритания, Нидерланд, Польша, Дания, Швеция, Бельгия, Португалия және Франция.