Украина 2024 жылы шешуші қарымта шабуылға шығуға дайындалып жатыр

Германияның Welt газетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Украина қазіргі соғыс жағдайына қарамастан, 2024 жылы жаңа қарымта шабуыл перспективасын қарастырып отыр . Қазіргі қарымта шабуыл тығырыққа тірелгеніне қарамастан, Украина Қарулы Күштерәнің Бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың басшылығымен осы жазға жоспарланған іс-қимылдарға ұқсас жоспар әзірлеп жатыр.

Қауіпсіздік жөніндегі неміс сарапшысы Нико Ланге уәде етілген қару-жарақтың басым бөлігі, соның ішінде 200 бірлік неміс Leopard 1 танкісі  елге жеткізілетінін, оның 30-ға жуығы қазірдің өзінде жеткізелгенін айтты. Голландиялық Oryx веб-сайтының бағалауына сәйкес, Украина Батыс жеткізген, пайдаланылмаған әскери жүйелердің 95%-дан астамын қолданса болады.

Сондай-ақ, мақалада украиндық әскерилер, Ресей армиясы үшін әлсіз жер, Херсонның маңындағы плацдармды бақылауында ұстап отырғанын және бұл аталған бағыттағы жаңа қарымта шабуылда басымдық беретінін атап көрсетеді.

Президент Зеленскийдің жазғы қарымта шабуылдың нәтижесіне көңілі толмағаны туралы мәлімдемесі одақтастардың әскери көмекті баяу бергенімен байланысты, бірақ АҚШ пен Украинаның әскери қолбасшылығы әзірлеп жатқан жаңа жоспар мен стратегиялар қазіргі жағдайды қайта қарауға уәде береді.

 

Добавить комментарий