Вашингтон Ресейге камикадзе-дрондар берген Иран Ислам Республикасына қарсы санкция салуға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында айтылған.
Аталып өткендей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ Ұлыбритания және Франциямен бірге Иранның Ресейге ҰҰА беру мәселесін көтерді. Вашингтонда аталған ҰҰА-лар Украинаның бейбіт тұрғындарына және азаматтық инфрақұрылымның маңызды нысандарына соққы беру үшін пайдаланылып жатқанына көптеген дәлелдер бар.
«Иран Украинаға соққы жасау үшін Ресейге қару бергенін жоққа шығарып жатқандықтан, біз Ресейге қауіпті қаруды берудің алдын алу үшін одақтастармен және серіктестермен бірге жұмыс істеуге ниеттіміз.
Біз осы жеткізілімге қатысы барларға қарсы санкция және басқа да тиісті құралдарды қолданамыз.
Біз сондай-ақ Украинаға қауіпсіздік саласында көмек көрсетуді жалғастырамыз, соның ішінде аталған қаруан қорғану үшін әуе қорғанысына қарсы жүйелер бар», — делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық! Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері Иранға қарсы санкцияларды мақұлдады.