УҚК Ресей Федерациясындағы әскери аэродромға шабуыл жасады

Кеше түнде белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар Ростов облысы Морозовск қаласындағы аэродромға шабуыл жасады. Украинаның арнайы қызметтеріндегі дереккөздің ақпаратына сәйкес, аталған шабуыл нәтижесінде әскери нысандарға зақым келтірілді. Бұл Ресейдің Ростов, Липецк және Волгоград облыстарындағы әскери нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаппай шабуылының бір бөлігі.

Алайда Ресей билігі барлық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар атып түсірілгенін алға тартып, ешқандай зақым келмегенін айтты. Ал украиналық дереккөз әскери аэродромға шабуыл жасалғанын мәлімдеп отыр.

«Интерфакс-Украина» хабарлағандай, Ростов облысындағы аэродромға жасалған шабуылды Украина Қауіпсіздік қызметі мен Қарулы Күштері жасады. РФ Әуе-ғарыш күштерінің 559-шы бомбалаушы авиациялық полкі үшін база қызметін атқаратын әуежай стратегиялық мақсат болды. Шабуыл кезінде аэродромда 20 Су-34 ұшағы, сондай-ақ ресейлік қарулы күштердің әскери техникасы мен жабдықтары болды.

Желіде шабуылдан кейінгі түсірілген фотолар жариялануда, бірақ олардың рас-өтірігі расталмады. Ресми мәлімдемелерде әптүрлі ақпарат айтылуда, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Добавить комментарий