«ҚТЖ» ҰК «АҚ мен PSA International Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құрады

«ҚТЖ» ҰК «акционерлік қоғамы мен Сингапурдың PSA логистикалық компаниясы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін күш біріктіреді, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сингапур президенті Халима Якобтің Астанаға мемлекеттік сапары барысында тараптар ынтымақтастық аясында сингапурлық PSA International компаниясын KPMC Ltd құрамына қосу туралы құжаттарға қол қойды.

PSA International әлемдегі жетекші логистикалық компаниялардың бірі болып табылады. Өткен жылы ол Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту үшін ҚТЖ-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Twitter-де «Қазақстан логистика саласында озық технологияларға ие болады, ал біздің серіктестеріміз тез дамып келе жатқан өңірде тиімді мүмкіндіктер табады» деп жазды.

Добавить комментарий