Алматы маңындағы шатқалдан құлап, басы жарылған турист ауруханаға жеткізілді
Алматы қаласындағы Ақсай шатқалында турист құлап, басынан ауыр жарақат алды.
«Бір топ адам тік шатқалда демалуға келген. Ер адамдардың бірі жар шетінде ұйықтап қалады, орнынан аунамақ болғанда Ақсай өзенінің тасты бетіне құлап түскен. Соның салдарынан ашық бас жарақатыналды», — деді ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
РЖҚЖ құтқарушыларын байқап қалған туристер олардан көмек сұраған.
Зардап шеккен адамды құтқарушы-дәрігер қарап-тексеріп, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ер адам жағдайы орташа ауыр болған, ол көп қан жоғалтты. Шұғыл түрде демалушыны көлікпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Зардап шегуші Алматыдағы жетінші қалалық ауруханаға жатқызылды