Киев маңында тікұшақ апатқа ұшырады: Украина ІІМ басшысы қаза тапты

Украина Ішкі істер министрі Денис Монастырский тікұшақ апатынан қаза тапты. Бортта 9 адам болған. Ұшақ апатынан барлығы 16 адам қаза тапты.

Украинаның Киев облысында тікұшақ апатқа ұшырады, адам құрбандары бар, деп хабарлады Facebook-тегі парақшасында Ұлттық полиция басшысы Игорь Клименко.

Тікұшақ апатынан Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский мен оның орынбасары Евгений Енин қаза болғаны белгілі болды.

Тікұшақ апаты 18 қаңтар күні таңертең Украина астанасы маңында Бровары қаласында болған. Құлаған тікұшақты Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі пайдаланған. УНИАН хабарлағандай, тікұшақ балабақша аумағында құлаған.

«Қазіргі таңда 16 адам қаза тапқаны белгілі, олардың ішінде екі бала бар. Қаза тапқан тоғыз адам әуе кемесінің бортында болған. Зардап шеккен 22 адам, соның ішінде 10 бала ауруханаға жатқызылды», — деді Игорь Клименко.

Оқиға орнында мамандандырылған қызметтер жұмыс істеп жатыр. Оқиға себептері туралы әзірге деректер келтірілмеді.

Добавить комментарий