Батыс Қазақстан облысында анасы мен баласы бірге ішімдік ішіп отырғанда жанжалдасып, ұлы марқұмның кеуде тұсынан ұрған.
61 жастағы әйелдің денесі табылды. Барлық жеке құрам дабыл бойынша жұмылдырылып, іздеу шарасы жарияланды. Күдіктінің ізі суымай ұсталды. Бұл фактіні жасырып, тергеуді адастыруға тырысқан марқұм әйелдің 35 жастағы ұлы болып шықты. Анықталғандай, күдікті мен оның анасы арасында жанжал шығып, ер адам анасының кеудесінен ұрған. Алған жарақатынан әйел қайтыс болды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде берді.