Трамп оны Джордж деп атаған Байденнің ұмытшақтығына жауап берді

Дональд Трамп американдық БАҚ Джозеф Байденнің қателіктерін әдейі жасырып жатқанын айтты. Мемлекет басшысы қателікке жол берген және Трампты Джордж деп атаған қарсыласын сынға алды.

«Джо Байден кеше мені Джордж деп атады. Есімімді есіне түсіре алмады. Оған сұхбатты жалғастыру үшін жүргізушінің көмегі қажет болды», — деп жазды америкалық көшбасшы өзінің Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, Трамп кейбір БАҚ, оның пікірінше, Байденнің қателіктерін әдейі жарияламайтынын айтты.

New York Post газетінің хабарлауынша, жексенбі күні демократтардан президенттікке үміткер сұхбат кезінде Трампты кіші Джордж Бушпен шатастырған көрінеді. «Менің ойымша, бұл елдің бейнесі, сайлау бюллетендеріне байланысты.Егер Трамп қайта сайланса, Джордж тағы төрт жыл бойы бізді мүлдем басқа әлемге апарады», — дейді газет Байденнің сөзін келтіріп.

Джордж Буш — 2001 жылдан 2009 жылға дейін АҚШ президенті қызметін атқарған. 2008 жылы Байден жоғары мемлекеттік лауазым үшін күрескен Барак Обамамен бірге вице-президент лауазымына үміткер болды.

АҚШ-та жалпы сайлау 3 қарашаға жоспарланған. Оларға президент және вице-президент, Өкілдер палатасының 435 мүшесі және Конгресс Сенатының үштен бірі, 13 штат пен аумақтың губернаторлары сайланады.

Добавить комментарий