
Украина билігі Құрама Штаттардан газ сатып алу туралы шешім қабылдады. Әңгіме келесі жылыту маусымында елді газбен қамтамасыз ету туралы болып отыр.
Украина жаңа жылыту маусымында АҚШ-тан газ сатып алмақ
Украина жаңа жылыту маусымында АҚШ-тан газ сатып алуды жоспарлап отыр.
Келісім сомасы сегіз миллиард долларды құрауы мүмкін.
Келесі жылыту маусымына қарай Украина АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуы мүмкін, бұл мәселе бойынша қазір келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Bloomberg TV эфирінде «Нафтогаз» ҰАК басшысы Юрий Витренко хабарлады.
Оның айтуынша, Украина шетелден 8 млрд доллар сомасына дейін газ сатып алмақ. Сонымен қатар Вашингтонда жеткізілім ғана емес, оларды қаржыландыру мәселесі де талқылануда.
Витренко АҚШ-тан алынған СТГ көмегімен Украина Еуропадан сатып алатын құбыр арқылы газ жеткізуден толық немесе ішінара бас тарта алатынын атап өтті. Бұл ретте «Нафтогаз» басшысы Украинаның ЕО-дан алатын газының «едәуір бөлігі» Ресейдікі екенін мойындады.
«Біз ресейлік газға толық эмбарго жариялауды қолдаймыз, сондықтан АҚШ-тан келетін СТГ жақсы балама болады деп есептейміз», — деп атап өтті Витренко.
Бұған дейін ресейлік газды импорттайтын германиялық компаниялар Uniper және RWE газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Мәскеу ұсынған жаңа схема бойынша ақысын төлеген болатын.