Трамп бюджет туралы қабылданған заңға қол қоюдан бас тартты

Дональд Трамп АҚШ бюджетін қайта қарауды талап етті, себебі оның айтуынша, басқа елдерге көмек көрсетуге тым көп ақша жұмсау жоспарланған.

«Осы жаз бойы демократтар (экономиканы ынталандыратын шаралар туралы — ТАСС) заң жобасын бұғаттады. Енді маған қол қоюға жіберілген құжат күтілгеннен әлдеқайда ерешеленеді. Бұл масқара, — деді ол. — Конгресте ешкім оқымаған 5 мыңнан астам беттің ішінде [коронавирустың таралу салдарын] еңсеру туралы заң жобасы бар, бірақ оның [коронавирусқа] қарсы күреске ешқандай қатысы жоқ».

«900 млрд доллардың пакетінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге $600-ден ғана бөлінеді, шағын бизнес үшін де, атап айтқанда мейрамханаларға да қаражат жеткіліксіз, — деп есептейді АҚШ президенті. — Конгресс басқа елдерге көмектесуге көп қаржы жұмсайды, ал бірақ америкалықтарға аз ақша бөледі. Бұл олардың кінәсі емес, Қытайдың кінәсі». «Мен Конгрестен құжатты өзгертуді және аз [төлемдерді] $600-ден $2 мыңға дейін немесе әр отбасына $4 мыңға дейін ұлғайтуды сұраймын. Конгресті дереу заң жобасынан керексіз ережелерді алып тастауға және маған тиісті мәтінді жіберуді тапсырамын», — деп толықтырды ол.

Трамп «АҚШ-тың келесі әкімшілігінің» өкілі болуы мүмкін екенін тағы да мәлімдеді.

АҚШ Конгрессінің Сенаты Өкілдер палатасынан кейін дүйсенбі күні, кешке 2021 қаржы жылына арналған бюджет жобасын, сондай-ақ ел экономикасын ынталандыру шараларының пакетін мақұлдады. Жексенбі күні Конгрестегі республикашылдар мен демократтар бірнеше айға созылған келіспеушіліктерді шешіп, ел экономикасын ынталандыру шараларының жаңа пакеті бойынша $900 млрд көлеміндегі келісімге қол жеткізді. Аталмыш бастама 2021 қаржы жылында үкіметтің жұмысын қаржыландыру туралы заң жобалары пакетін шамамен $1,4 трлн көлемінде толықтырды.

Добавить комментарий